Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

17.04.2021 ж. тәулік ішінде КВИ 105 жағдайы тіркелді, оның ішінде .83 (79%) симптомдық және 22 (21%) симптомсыз. 17.04.2021 ж. тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмония) 4 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында - 1, Жарма ауданында – 1, Күршім ауданында – 1, Глубокое ауданында – 1.

КВИ-дің жаңа 105 жағдайының ішінде:

- 45 Семей қ. 39 с, 6 с/з;

-37 Өскемен қ. 34 с, 3 с/з;

- 7 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-2) 4с, 3 с/з;

- 4 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы-) 4 с/з;

- 3 Бородулиха ауданында (Бородулиха ауылы - 1) 2 с; 1с/з;

- 3 Глубокое ауданында (Глубокое к. - 0) 2 с, 1с/з;

- 2 Зайсан ауданында (Зайсан қаласы – 0) 2с/з;

- 2 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті - 1) 2с;

- 1 Алтай ауданында (Алтай қаласы - 1) 1с/з;

- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 0) 1с/з.

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулік ішінде 0,5%, аптасына орташа өсім қарқыны - 0,4%, Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында - 0,4% құрады.

Сауығуына байланысты 11984 ковидті пневмониямен ауырған науқас инфекциялық стационарлардан шығарылды, 7038 симптомсыз вирус тасымалдаушыларының үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 23801 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 16480 жағдай (69%) клиникалық симптомдармен, 7321 жағдай (31%) асимптоматикалық.

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1744,7 (республикалық көрсеткіш – 1533,3) құрады. Бақылауда байланыста болған 4474 адам мен 973 инфекция ошағы қалып отыр.