ШҚО-да 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы үшжақты келісімге қол қойылды

ШҚО-да 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы үшжақты келісімге қол қойылды

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, кәсіподақтардың (жұмыскерлердің) аймақтық бірлестіктері,  облыстың жұмыс берушілер қауымдастықтары (одақтары) арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған  Келісімге қол қою рәсімі туралы                                                  

БАҚ үшін Өскемен қ.14 сәуір 2021 жыл.

2021 жылы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасында 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды.

2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, кәсіподақтардың (жұмыскерлердің) аймақтық бірлестіктері, облыстың жұмыс берушілер қауымдастықтары (бірлестіктері) арасында 2018 - 2020 жылдарға арналған аймақтық Келісімнің мерзімі аяқталды.

Осыған байланысты облыстың әлеуметтік серіктестігінің тараптары - атқарушы билік органдары, кәсіподақтардың аймақтық бірлестіктері, жұмыс берушілер қауымдастығы 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі келесі кезеңге арналған аймақтық үшжақты келісім жобасын дайындады.

2021 - 2023 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар(жұмыскерлер) бірлестіктері, жұмыс берушілер қауымдастықтары(бірлестіктері) арасындағы келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі 2021 жылы 14 сәуірде өткізілді.

Келісімге қол қойғандар:

облыстың атқарушы органдарынан - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Буктугутов Ш.С.;

облыстың кәсіподақтарынан -  «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің (АКБ) төрағасы Қасымжанов Т.Ж., «АМАНАТ» Қазақстан кәсіподақтары достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің  аумақтық кәсіподақтар бірлестігі - Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы Айзенберг М.Е; облыстың жұмыс берушілерінен - ​​«Шығыс Қазақстан облысындағы орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындарының аймақтық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Чернецкий В.Е., «Агро» өндірушілер қауымдастығының «Шығыс Қазақстан облысы филиалы» ҚБ атқарушы директоры Арнканов К.М., «Қазақстан Республикасы жұмыс берушілерінің (кәсіпкерлерінің) ұлттық конфедерациясы» ЗТБ өкілі Твердовская Н.Г., «Республикалық тау-кен металлургиялық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Н.В. Радостовец

Келісімде тараптар әлеуметтік серіктестік, экономикалық және әлеуметтік саясат, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, лайықты жалақы мен жағдарлар жасау саласында өзара әрекеттесу бойынша міндеттемелер алады. Тараптар әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын дамыту бойынша ортақ жұмыстарға бағытталған бірлескен күш-жігер жұмсауға уәделесті.

Аймақтық келісім жергілікті атқарушы органдарға, жұмыс берушілерге, жұмыскерлерге және олардың өкілдеріне, облыс аумағында жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мүлік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері шетелдік азаматтар немесе шетелдік заңды тұлғалар немесе шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ осы аймақта жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында аймақтық үшжақты келісімдерге қол қою жоспарлануда.