Осымаусымда Үржарға әуе рейстері болмайды

Осымаусымда Үржарға әуе рейстері болмайды

19 сәуірден бастап әуежай ауқымды қайта құру жұмыстары үшін жабылады. Ал, туристерге теміржол және автобус рейстерінің саны артады.

Өңір басшысы Даниал Ахметов Үржар ауданына жұмыс сапары аясында әуе айлағын жөндеу барысымен танысты. Қазір ұшу-қону жолағын қайта құрумен бұл бағытта жұмыс тәжірибесі бар компания айналысуда. Өкінішке орай, алдыңғы мердігер келісімшарттық міндеттемелерді орындағар жоқ, сондықтан нысанды уақытында тапсыру мүмкін болмады.

Әуе қатынасын үзбеу үшін уақытша қону жолағын салу ұсынылды, алайда оның құны 5,6 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл құн қолданыстағы жолақты жөндеуге жұмсалып отырған қаражаттан миллиард теңгеге қымбат. Осы ретте облыс әкімі мемлекеттік бюджетті ысырап етпеу туралы шешім қабылдады. Даниал Ахметовпен бірге Үржар әуежайына Азаматтық авиация комитетінің төрағасы келіп, ведомство тарапынан терминалдар жолаушыларға қауіпсіз және ыңғайлы болуы үшін әуежай ғимаратын қайта жөндеуге көмек көрсетуге мамандарын жіберетініне сендірді.

– Дүйсенбіден бастап әуежай жабылады, құрылыс жұмыстары үш ауысымда, яғни, терминалда, басқа да ғимараттарда және басты нысан - ұшу-қону жолағында жүргізілетін болады, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Нысан менің жеке бақылауымда, екі аптадан кейін тағы келіп, құрылыстың қалай жүріп жатқанын көремін.

Биыл Алакөл жағалауына келуді жоспарлап отырған туристер үшін қосымша теміржол және автобус рейстері ұйымдастырылады.