Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Баршаңызды он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Тұтқан оразаларыңызды, ізгі ниет-амалдарыңызды қабыл етсін!

Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман болсын! Барша әлем күрескен, Қазақстан халқының еншісіне түскен осынау қиын кезеңді бірге еңсерейік! Осы ретте өңір халқынан ауызашар кештерін үйде, отбасы мүшелерімен бірге өткізуді сұраймын.

Біздің басты міндетіміз – ұлт саулығы. Байлығымыз – ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім, бірлік пен ынтымақ екенін ұмытпайық!

Әр отбасына зор денсаулық, молшылық, амандық пен бақ-береке тілеймін!

Рамазан айы мүбәрәк болсын!