Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

11.04.2021ж. тәулікте КВИ-дің 33 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 25 (76%) симптомдық және 8 (24%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның)  4 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 1.

КВИ-дің жаңа 3 жағдайының ішінде:

- 14 Семей қ. 12с, 2 с/з;

- 10 Өскемен қ. 8с, 2 с/з;

- 4 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-3) 3 с, 1с/з;
- 4 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-0) 1с, 3 с/з;

- 1 Бородулиха ауданында (Бородулиха ауылы - 0) 1 с;

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,1%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,2%, Семей қаласында-0,2%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11838 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6986 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 23352 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 16130 жағдай (69%), симптомсыз 7222 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1711,8 (республикалық көрсеткіш– 1453,8) құрады. 2611 байланыста болған адамдар мен 679 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.