Биыл Жарма ауданы Суықбұлақ кентінде «Ауыл –ел бесігі» жобасы аясында көше жолдарын жөндеу жұмыстарына тиісті қаражат бөлінді. Ауыл халқының әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған, елді мекендерді абаттандыру мен гүлдендірудің, әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі қаланатын атаулы бағдарлама аясында ауылдың тұрмысы мен тіршілігі, мәдениеті мен ғылымы, хал-жағдайының жақсаруы қолға алынуда. Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер мемлекеттік бағдарламалар тарапынан қолға алынып отыр. Осы мақсатта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша Суықбұлақ кенті инфрақұрылымын жаңғырту аясында шағын футбол алаңын және воркут спорт алаңы мен балалар ойын алаңының құрылысына, клуб ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына да қаражат бөлініп, биылғы жылы Суықбұлақ ауылдық округінің орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Аталған кенттің мүмкіндіктері мен нақты әлеуеті ескеріле отырып, өңірлік дамудың бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар биылғы жылы нәтижелі түрде жүргізілетін болады.