Волейбол спорты жетістіктері

Волейбол спорты жетістіктері

Бұқаралық спорттың дамуының айқын көрінісіне дәлел болған 2021 жылдың 22-29 наурыз аралығында Петропавл қаласында өткен волейболдан Қазақстан Республикасының Чемпионатында Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Советханова Назерке, Қырықпаева Амина Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының құрамында ойнап алтыннан алқа тағынды. Төрт топқа бөлінген еліміздің командалары арасында Шығыс алдына ешбір қарсылас көрмеді. Аталған чемпионат барысында барлық командаларды 3:0 есебімен ұтып, жоғарға тұғырдан көрінді. Алтай мекені волейбол спортының жақсы дамыған аймағы. Советханова Назерке волейболдан       23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында 29-шы ҚР Чемпионатында «Үздік ойыншы» кубогын ұтып алды.

26-30.03.2021 Өскемен қаласында өткен Әйелдер арасында волейболдан ШҚО Чемпионатында Ұлан ауданының  командасы Қадырова Ерке, Қуандықова Қарақат, Қуанышева Айя, Байтұрсын Назерке, Асхатқызы Анель, Есжанова Аяулым, Қайырханова Дильназ, Жүнісова Диана, Бабаханова Ажар, Азизова Нейла, Бекбосынова Аружан   чемпион атанды.  Финалда Күршім командасымен кездесіп 2:1 ұпаймен жеңіске жетті. Ересектер арасында Ұлан ауданы үшін бұл үлкен жетістік. Халық ойындарында да жақсы нәтиже көрсететіндігіне күмән келтірмейміз.