Көкпекті ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу

Көкпекті ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу

Көкпекті ауданына көктемгі су тасқынының алдын алу үшін көмекке Қарағанды облысынан 25 сарбаз келіп,  Самар ауылында орналастырылды.

Көкпекті ауданындағы Маринагорка ауылдық округі Жұмба ауылы маңындағы өзен арнасы көпіріне мұз бен қар толып, қатып қалған болатын.

Оны тазалау жұмысына Теректі, Преображенка, Аққала, Бастаушы, Құлынжон, Маринагорка ауылдары тұрғындары (әр ауылдан 2-3 адамнан) көмек көрсетті.

Сонымен қатар ауданымызға көмекке келген сарбаздар күш қосты. 26-наурыз күні басталған жұмыс бір апта ішінде нәтижелі аяқталды.