Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

25.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің 19 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 11 (58%) симптомдық және 8 (42%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның)  4 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 1.

КВИ-дің жаңа 19 жағдайының ішінде:

- 9 Семей қ. 7с, 2 с/з;

- 5 Өскемен қ. 3с, 2с/з;

- 3 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-0) 3 с/з;
- 2 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0) 1с, 1с/з;

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,2%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11618 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6870 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 22706 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15635 жағдай (69%), симптомсыз 7071 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1662,3 (республикалық көрсеткіш– 1267,3) құрады. 1168 байланыста болған адамдар мен 379 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.