Құрметті шығысқазақстандықтар!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жаңа жыл мен жақсылықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы. Еліміз үшін еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың мерекесі.
Ұлтты ұйыстырып, бауырмалдық пен татулыққа үндейтін бұл мейрам ежелден уақыт пен ұрпақ сабақтастығын айшықтап, бейбітшіліктің айқын нышанына айналды.
Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, игілік пен молшылық, қуаныш пен бақыт әкелсін. Барлық армандар орындалып, ізгі үміттер ақталсын!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Даниал Ахметов,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі