ШҚО әкімі Көкпекті ауданындағы көпбалалы отбасыларға арналған үйлердің сапасын тексерді

ШҚО әкімі Көкпекті ауданындағы көпбалалы отбасыларға арналған үйлердің сапасын тексерді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі сәрсенбі күні Көкпекті ауданының бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тапсырмалар берді.

 

Аймақ басшысы Даниал Ахметов ат басын тіреген алғашқы нысан "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа спорт кешені болды. Мәдени-спорттық орталықта кез-келген спорт түрімен айналысуға қажеттінің бәрі бар: футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, көше жаттығу аймағы, жүгіру жолдары, жекпе-жек залдары. Киім ауыстыратын ыңғайлы бөлмелер де жабдықталған. Сондай-ақ, үлкен автотұрақпен балалар ойын алаңы бар.

– Бұл жоба тұрғындардың арасында жоғары қызығушылыққа ие болды, сондықтан оны Шығыс Қазақстанның бұрынғы 13 аудан орталығында жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратын боламыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сапар барысында облыс әкімі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға сатып алу үшін жеке инвестор есебінен салынған үйлердің жағдайымен танысты. Бес пәтерлі үйден баспаналы болғандардың бірі – төрт баланың анасы Мәдина Қожахметова.

– "NAIMAN Kurilis" ЖШС бас директоры Марат Болатқанұлының ұсынып отырған осы жобасы ұнады, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Әр мердігер әр үйге жеке көзқарас, шынайы ықыласпен жүзеге асырып жатқандарына қуаныштымын. Көпбалалы отбасылар үшін жайлы әрі ыңғайлы үй.

Өңір басшысы көпбалалы отбасын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, балаларға сыйлықтар табыс етті.

Даниал Ахметов жұмыс сапары кезінде 101 оқушы білім алатын Бастаушы және 320 бала оқитын Самар ауылдарында орналасқан екі мектепте болды.

– Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектепте облыстық бюджет есебінен жасалған күрделі жөндеу жақсы сапада орындалған, - деді Даниал Ахметов. - Самар №1 орта мектебінде компьютерлер саны жеткілікті. Бұл ретте айта кетейін, бүгінде Шығыс Қазақстанның білім шаңырақтары елімізде компьютерлік техникамен ең жақсы жабдықталған облыс. Биыл тағы бағдарламалаудың озық түрлерін оқыту бойынша жаңа бағдарлама іске қосылады. Сонымен қатар, айта кетер жәйт, мектептің терезелерін ауыстырып, жаңарту керек. Барлық тиісті органдар жұмысқа кірісуді тапсырамын. 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасына барған кезде облыс әкімі бұрынғы аудан орталықтарында босандыру блогын дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама туралы айтып берді.

– Өңірде әйелдердің басым бөлігі ШҚО-ның ірі қалалары – Өскемен мен Семейге босануға барады, олай болмайды, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Біздің республикада І және ІІ деңгейдегі босандыру ауруханаларының мамандарын оқыту қажет. Жалпы, аурухананың жағдайы жақсы. ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджанға және Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына қосымша медициналық жабдықтар сатып алу қажеттілігін қарастыруды тапсырамын.