Көпбалалы аналар бизнес бастау үшін жарты миллион теңге ала алады

Көпбалалы аналар бизнес бастау үшін жарты миллион теңге ала алады

Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында көпбалалы ана Райхан Базарбек «Еңбек» бағдарламасының игілігін көріп отырған жандардың бірі. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты мол тиген көпбалалы ана күнделікті нәпақасын осы жерден тауып отыр.
Базарбек Райхан 2019 жылы аудандық Жұмыспен қамту орталығына келіп мамандардан толық кеңес алғаннан кейін, арнайы курстан өтеді. Оқу барысында бизнес жүргізу негіздерін үйренеді. Жаңа кәсіпті игеріп, сертификат алып шығады.
Желтоқсан айында 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант иеленіп, ірі қара мал сатып алады. Осыдан кейін ол «Еңбек» бағдарламасының екінші бойынша 4% жеңілдікпен 1,8 млн.теңгенің несиесін алып, тағы да мал сатып алды.
- Қазіргі таңда мемлекет қолдауының арқасында кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз. Отбасымды күнделікті табиғи сүт-маймен де қамтамасыз етемін. Бүгінгі таңда еңбек етемін деген кісіге елімізде бар жағдай бар деп ойлаймын,- дейді Райхан Базарбек.