Алтай ауданында Татуласу орталығы ашылды

Алтай ауданында Татуласу орталығы ашылды

Алтай ауданында соттан тыс татуласу орталығы ашылды
Медиаторлардың, жанжалтанушылардың және басқа мамандардың көмегімен бұл жерде еңбек қатынасы және отбасылық мәселелерге, сатып алу-сату мәмілесіне, барлық татуластыру рәсімдерін жүргізуге қатысты даулар шешіледі.

Заң жөнінен кеңес беріледі және психологтардың көмегі көрсетіледі.

Орталықтың ашылуына ШҚО аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Шаңырақ» татуласу орталығының басшысы, кәсіби медиатор Е.Абдрахманова қатысты.

- Біз адамдарға сот кабинеттеріне, адвокаттарға, заңгерлерге бармай, осы жерге келіп, кәсіби тұрғыда заң тармақтары туралы, психологиялық және медитациялық көмек алулары үшін жағдай жасаймыз. Біздің міндет – қоғамдағы өзара түсініспеушілікті, дау-дамайды азайту, - деп баса айтты аудан әкімі Қ.Байғонысов.

Ашылу салтанатында сөз алғандар кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, сонымен қатар адвокаттардың, нотариустардың, психологтардың жұмыстарының арқасында орталықта кез-келген дауды тез әрі сапалы шешуді қамтамасыз етеді деген сенімдерін жеткізді.