Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай ⠀

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай ⠀
02.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің 49 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 32 (65%) симптомдық және 17 (35%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 3 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 2, Алтай ауданында– 1

КВИ-дің жаңа 49 жағдайының ішінде:
- 33 Семей қ. 23с, 10 с/з;
- 9 Өскемен қ. 5с, 4 с/з;
- 5 Риддер қ. - 2с, 3б/с;
- 1 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-1) 1 с;
- 1 Алтай ауданында (Алтай қаласы – 0) 1с/з;

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,4%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11372 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6595 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 22143 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15235 жағдай (69%), симптомсыз 6908 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1621,1 (республикалық көрсеткіш– 1148,4) құрады. 1916 байланыста болған адамдар мен 938 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.