«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды
асырау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/219-V шешіміне (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3312 болып тіркелген,
2014 жылғы 20 мамырда «Рудный Алтай», 2014 жылғы 21 мамырда «Дидар»
газеттерінде, 2014 жылғы 29 мамырда «Әдiлет» ақпараттық-
құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар
енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау
қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл
шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды
асырау қағидалары осы шешімінің 1 қосымшасына сәйкес;
2) Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл
шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары осы шешімінің
2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес 1, 2 қосымшаларымен
толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
2
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2021 жылғы ____ «___»
№ _______
шешіміне 1 қосымша
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 19/219-V шешіміне
1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде
жануарларды асырау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды
асыраудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа
да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыстың елді
мекендерінде жануарларды асырау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар меншігінде немесе басқа да иелігінде жануарлары бар
жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл
шаруашылығы, үй жануарлары және жабайы жануарлар;
2) биостерилизациялау – жануарларды тұқымдану қабілетінен
(репродуктивті қабілетінен) хирургиялық жолмен айыру.
2. Жануарларды асырау тәртібі
4. Жануарларды асыраған кезде иелеріне:
1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және осы
Қағидалардың талаптарын сақтау;
2) жануарлар ауруын немесе ауру жұқтыру қаупін болдырмау, сонымен
қатар керексіз төлдің пайда болуын болдырмау бойынша уақытша оқшаулау
3
және иелері есебінен ветеринарлық клиникаларда биостерилизациялау арқылы
шаралар қолдану;
3) үй-жайларды, мал жайылатын аулаларды механикалық тазарту,
сондай-ақ мал иелерінің есебінен профилактикалық дезинфекциялау;
4) көлік жолының қасынан жануарлармен өткен кезде және олардың
жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жол қозғалысы
қауіпсіздігін сақтау қажет;
5) жануарлар және адамдар ортасының қауіпсіздігін, сонымен қатар
мүліктің жануарлардан зиян келтіруінен сақтау;
6) оларды биологиялық, түр-тұқымдық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес
келетін және олардың тамаққа, суға, ұйқыға, қозғалысқа, өзіне ұқсас
жануарлармен қатынастарға, табиғи белсенділік пен басқа да қажеттіліктерге
табиғи мұқтажын қанағаттандыратын жағдай жасалуын сақтау;
7) жануарларды тасымалдауға арналған көлік арнайы құралдармен
жабдықталуы, сонымен қатар жануарларды тиеу және түсіру кезінде оларды
жарақаттамайтын және/немесе өлімін болдырмайтын жабдықтармен қолдану;
8) жайлы орналасқан орындарды, ылғалды-температуралық режимді,
табиғи жарықты, вентиляцияны қамтамасыз ету қажет.
5. Қараусыз қалған немесе жабайы мал мен басқа да үй немесе қолға
үйретілген жануарларды күтіп-ұстау және пайдалану, оларды иесіне қайтару
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
6. Жануарларды асыраған кезде:
1) жануарларға қатыгездікпен қарауға;
2) жер асты суларын алуды қамтамасыз ететін құрылғылардан жиырма
метрден жақын радиуста малдарды суаруға;
3) су қорғау аймақтарының шегінде мал жаюға, жануарларды
шомылдыруға және санитариялық өңдеуге;
4) жануарлардың елді мекендер шегінде, сонымен қатар автомобиль және
теміржол жолдарына бөлінген жолақта қараусыз мал жайылатын орындардан
басқа жерлерде жүруіне;
5) қоршаған ортаны ластауға жол берілмейді.
4
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2021 жылғы ____ «___»
№ _______
шешіміне 2 қосымша
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 19/219-V шешіміне
1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл
шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы
жануарларын асыраудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5
шілдедегі Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына,
Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес
әзірленді және облыс елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларды
асырау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардағы іс-әрекеттер меншігінде немесе басқа да иелігінде
ауыл шаруашылығы жануарлары бар жеке және заңды тұлғаларға
қолданылады.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы
өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал
араларының барлық түрi;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы
жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты
5
бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды)
пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын,
жануарларды есепке алу рәсiмi;
3) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін,
уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу
мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі
көрсетіледі;
4) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының
профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда,
олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға;
жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар
жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға
және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның
денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан
қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса
алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және
жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға
қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені.
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібі
4. Ауыл шаруашылығы жануарларын асыраған кезде иелеріне:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен
белгiленген, жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің (жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен
шикiзат) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық iс-шараларды
жүзеге асыруға жануарларды кедергісіз беру;
2) жануарларды жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендер
шекаралары шегінде ветеринариялық нормативтерге сәйкес асырауды жүзеге
асыру;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
4) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті
жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған
мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-
санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның
(олардың) сойылғаны мен өткізілгенін;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар
әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлау және ауру деп күдiк
келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк
6
ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды
оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;
5) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi,
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге
арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық)
ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстау;
6) жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, қолайлы
аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде профилактикалық дезинфекцияны
жылына екі рет жүргізу (көктем мен күзде);
7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында жануарларға
уақтылы вакцина егуді және диагностиканы қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн
кедергiсiз беру;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін
орындау;
10) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды
өткiзу үшiн сою және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне
ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеу;
11) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет
өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл
шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыру;
12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар
өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем
көрсету;
13) диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу
мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған жануарларды
оқшаулап ұстау;
14) жануарларды карантиндеуді жүргізу қажет.
5. Ауыл шаруашылығы жануарларына бруцеллезге қарсы вакцинация
жүргізілген жағдайда бруцеллезге қарсы вакциналар сатып алу және оларды
пайдалану жануарлар иесінің есебінен және Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1 / 587
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
11940 болып тіркелген) бекітілген, Ветеринариялық (ветеринариялық-
санитариялық) қағидаларының «Бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-
шараларды жүргізу тәртібінің» 99 тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қызметі процесінде пайда
болатын биологиялық қалдықтарды жою немесе кәдеге жарату
зарарсыздандыру (көң, төсеніш материалдары, жемшөп қалдықтары),
зарарсыздандырылған қалдықтарды (ветеринариялық конфискаттар,
жануарларды сойғаннан қалған қалдықтар) мал көміндісіне (биотермиялық
7
шұңқырға) тастау, жемшөптік мақсаттарға кәдеге жарату немесе жағу арқылы
кәдеге жарату жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/3076 бұйрығымен (Нормативтік
құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген)
бекітілген Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес
жүргізіледі.
7. Ішкі сауда объектілерінде ветеринарлық құжаттар болғанда
жануарларды өткізу Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 10131 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды өткізу қағидаларының
талаптарын ескеріп жүргізіледі
8. Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды аудандық маңызы бар
қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі айқындайды.
9. Қараусыз немесе қаңғып жүрген жануарларды асырау және иесіне
қайтару Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабымен
айқындалады.