Даниал Ахметов «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниясының жұмыстан босатылатын қызметкерлерін жұмыспен қамту мәселесін қарады
Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«ҚР Еңбек кодексінің 53 бабының 1-тармағына сәйкес, "БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО" Компаниялар Тобының бөлімшесі 2021 жылдың 10 ақпанында аумақтық жұмыспен қамту органдарына ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап босатылуы мүмкін 1969 жұмыскердің тізімін ұсынды. Олардың ішінде 1905 адам еңбекке қабілетті болса, қалған 64 қызметкер зейнет жасында.
Осыған орай, аталған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында менің басшылығыммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" Компаниялар Тобының басшылығы кірді. Өткен аптада штабтың үш отырысы өтті. Бірлескен жұмыстың алғашқы нәтижесі – еңбекақыны, коммуналдық және бюджетке міндетті төлемдерді төлеу үшін "БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО" компаниясының бұғатталған шоттары ашылды. Бұл ретте компания басшылығы жалақыны 2021 жылғы 10 наурызға дейін төлеу туралы шешім қабылдағанын атап өткім келеді.
Бүгін ШҚО ірі кәсіпорындарының қатысуымен жедел штабтың тағы бір отырысы өтті. Өзара бірлескен жұмыстың арқасында екі күн ішінде аймақтағы жетекші компаниялардың бос жұмыс орындарының тізімі құрылды.
Мәселен, бүгінгі күні еңбекке қабілетті жастағы 1905 жұмыстан босатылатын қызметкер үшін облыс бойынша 3199 бос жұмыс орны бар (резерв 1294), оның ішінде 1303 ірі кәсіпорындарда және 1896 Электрондық еңбек базасында.
Жиын барысында "Кэмонт" АҚ Персоналдармен жұмыс департаментінің басшысы компания босатылған қызметкерлерді жұмысқа қабылдау рәсімін бастап кеткенін атап өтті. Бүгінде 80-нен астам адам алдын-ала әңгімелесуден өткен және олар өз міндеттерін аяқтағаннан кейін жұмысқа кірісуге дайын екендігін жеткізген.
Жұмыспен қамту қызметі әр адаммен жеке-жеке жүргізілетінін ерекше атап өткім келеді. Әрбір қызметкер бойынша жедел ақпаратты мен күн сайын сағат 18.00-де жеке зерделейтін боламын.
Сонымен қатар, бүгін автомобильдерді өнеркәсіптік құрастырумен айналысатын отандық зауыттардың басшылығымен келіссөздер жүргіздім. Олар жинақта жұмыс істейтін мамандарды қызметке алуға дайын екендігін жеткізді. Сондықтан жедел штаб "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" басшылығына Алматы мен Қостанайда жұмыс істегісі келетін немесе ниеті бар 270 адамның алдын ала тізімін дайындауды ұсынды.
Сондай-ақ, бүгін 160-қа жуық адам жұмыс істейтін кәсіпорынның құрылыс блогымен мұқият жұмыс істеу тапсырылды. Ертең ірі құрылыс компанияларының қатысуымен аталған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін қарастырамыз».
Сондай-ақ, облыс әкімі "Баланы дамыту орталығы" мекемесінің жұмысын сақтау бағытындағы атқарылып жатқан шаралар туралы да жазды. Аталмыш мекеме бүгінгі таңда 260 орындық мемлекеттік тапсырысты алу үшін тиісті құжаттарды жинауда. Айта кетейік, орталықта 73 адам жұмыс істейді, оның 28-і педагог. Атқарылған жұмыстар аясында 11 наурыздан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында қаржыландыруды қамтамасыз етіледі. Ал қызметкерлер өз жұмыстарын жалғастырады.
Сондай-ақ, компаниялар тобына 2021 жылғы 23 ақпанға дейін "БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО" құрамына кіретін бөлімшелердің тізбесін және 2021 жылғы 11 наурызынан кейін олардың жұмысын жалғастыру үшін шарттарды анықтау ұсынылды.