Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

22.02.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 82 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 72 (88%) симптомдық және 10 (12%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 2 жағдайы тіркелді, оның ішінде Алтай ауданында-1, Үржар ауданында – 1.

КВИ-дің жаңа 82 жағдайының ішінде:
- 39 Семей қ. 35с,4 с/з;
- 34 Өскемен қ. 29с, 5 с/з;
- 2 Глубокое ауданында (Глубокое кенті - 0) 1с, 1 с/з;
- 1 Абай ауданында (Қарауыл ауылы - 1) 1с;
- 1 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы - 1) 1с;
– 1 Катонқарағай ауданында (Үлкен Нарын ауылы - 0) 1с;
- 1 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0 ) 1с;
- 1 Риддер қ. 1с;
- 1 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы-0) 1с;
- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 0) 1с.

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,4%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11296 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6452 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 21692 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 14911 жағдай (69%), симптомсыз 6781 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1588,1 (республикалық көрсеткіш– 1115,6) құрады. 2243 байланыста болған адамдар мен 1056 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.