Қолданыстағы бағдарламалар аясында 18 бизнес субъектісі жеңілдетілген несиелер алды. Оның ішінде 9 кәсіпкер қаражатты айналым капиталын толықтыруға бағыттаған.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Сәкен Абдуғалимов кафе мен құрал - жабдықтар сатып алуға жеңілдетілген несие алып, 6 жаңа жұмыс орнын ашты.
Сәкен Жатқамбайұлы жұбайымен бірге 3 ұл тәрбиелеп отыр. Жаңа дәмхана атауын ұлдарының кенжесіне арнап «Алан» деп қойған.
Қоғамдық тамақтану саласында Сәкен Абдуғалимов 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Ауданы 68 м2 болатын бірінші кафені ол «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиенің арқасында сатып алған-ды. Осы салада жұмыс тәжірибесін алғаннан кейін кәсіпкер үлкен кафе (200 м2) сатып алу туралы шешім қабылдады. Бүгінгі таңда бұл бизнес отбасылық, жұбайы жаңа кафенің меңгерушісі болып табылады.
- «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұсынылатын шаралар бизнес үшін өте жақсы қолдау болып табылады, осы бағдарламаның тиімділігіне ризамын, - дейді бизнесмен.