
Глубокое ауданында "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 38 адам өз ісін бастауға 21,1 млн.теңгеге 200 АЕК-тен грант алды.
Орумбаева Динара Сериковна, "Еңбек"мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайтарымсыз гранттың иегері.
Бизнес негіздерін оқытудың арнайы курсынан өтіп, сүт өнімдерін дайындауға 555 мың теңге көлемінде грант сомасын алды.
Динара Камила есімді қызының құрметіне "Milky Kamila"брэндімен өнім шығарады. Көптеген тұтынушылар консервантсыз табиғи йогурттың, айранның дәмін бағалады. Тортасы айырылған сары майдың дәмі мен хош иісін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Динара Белоусовка кентінде тұрады. Тұрмыста, отбасында төрт бала тәрбиелеп отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алады. Бүгінгі таңда нарықта органикалық өнімнің тапшылығы бар. Сондықтан жас әрі жігерлі Динара табиғи сүт өнімдерін шығаруға шешім қабылдады. Бұл мүмкіндік оны тәуелсіз ғана емес, әрі табысты етті.