Ауылдағы шағын кондитерлік цехы

Ауылдағы шағын кондитерлік цехы

Ауылдағы шағын кондитерлік цехы

Бородулиха ауданы, Дмитриевка ауылдық округінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында, атап айтқанда "Бастау Бизнес" жобасы бойынша шағын-кондитерлік цехы ашылды.

Цехтың иесі Ольга Бадер – өз ісін енді бастаған кәсіпкер, «Бастау Бизнес» жобасының түлегі. Енді қарқын ала бастаған кәсіптің бағыты - жаңа піскен нан өнімдері, тоқаш, шелпек, пицца.

Өзінің әсері мен алға қойған мақсаттарымен бізбен бөліскен Ольга Бадер:
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға қатыса отырып, одан өзіме керек мүмкіндіктер мен кәсіп жолын үйреніп, соның арқасында өзіме ұнайтын істі тауып, соған ден қойдым, - дейді Ольга.

Қазіргі уақытта тәтті өнімдерін Дмитриевка ауылындағы дүкендерге өткізеді. Цехтың жұмысына Ольгаға 3 қызметкерден тұратын ұжымы көмектесуде, олар әзірге тәжірибе жинақтап жүр. Одан әрі тұрақты жұмыс істеуге қалатын болады.

Келешекте жас кәсіпкер бұл іспен тоқтап қалмай, әрі қарай дамытуға ниетті.
- Біздің кондитерлік өнімнің ассортименті әртүрлі болады, біз тек жаңа піскен әрі тәтті өнімді ұсына отырып, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қатарын көбейтетін боламыз. Біздің міндетіміз – тұтынушылардың біздің өнімдерімізге деген сұранысын арттыру. Ол үшін тынбай еңбек ету керек, ал оған шамалы уақыт керек»,-дейді Ольга.

Біздің кейіпкеріміз өз ісін бастауға бел шешіп кірісе алмай жүрген басқа да жерлестерімізге үлгі болады деп ойлаймыз. Ал өз ісін енді жолға қоя бастаған Ольга Бадер сияқты кәсіпкерлерге сәттілік тілейміз. Себебі ауданда мұндай іскер жандар аз емес. Тек 2020 жылдың өзінде Бородулиха ауданында 53 676 млн.теңгеге 96 грант бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 39 786 млн. бөлініп, 71 грант берілді. Ал жергілікті бюджеттен 13 890 млн. теңгеге 25 грант бөлінген болатын. Жалпы 66 грант МІҚ, ҰІҚ, құс өсіруге бөлінсе, 30 грант қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған. Грант алушылардың ішінде көпбалалы отбасыларынан 23 адам, аз қамтылған отбасылардан 12 адам бар. Бірыңғай жиынтық төлемді 68 адам төлеп отыр, осы жоба аясында 28 адам жеке кәсіпкер болып тіркелген.