ШҚО Гематология орталығының құрылысын іске асыру барысын кезекті рет талқылағаны туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялады.

«Айта кету керек, аталған заманауи медициналық орталық облыс және жалпы республика тұрғындарына қолжетімді және сапалы гематологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қан ауруларын және қатерлі ісіктерді емдеу әдістері мен диагностикалау ең үздік дәлелденген халықаралық тәжірибелер негізінде, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалана отырып жүргізілетін болады.

Бір ай бұрын біз орталыққа қажетті медициналық қызметкерлерді дайындау мәселесін талқылаған едік. Бүгін болашақ мамандардың бірінші легін ағылшын тіліне оқытуды бастауды тапсырдым. Одан кейін мамандар жарты жылға әлемнің жетекші клиникаларына оқуға және біліктілігін арттыруға жіберіледі».