Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
.
13.01.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 39 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 29 (74%) симптомдық және 10 (26%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 10 жағдайы тіркелді, оның ішінде Аягөз ауданында – 1, Көкпекті ауданында – 1, Үржар ауданында – 1, Тарбағатай ауданында - 2, Алтай ауданында-5.
.
КВИ-дің жаңа 39 жағдайының ішінде:
- 12 Семей қ. 7с, 5 с/з;
- 8 Өскемен қ. 6с, 2 с/з;
- 4 Глубокое ауданында (Глубокое к. - 1) 4с;
- 4 Алтай ауданында (Алтай қаласы - 1) 4с;
- 3 Риддер қ. 2с,1 с/з;
- 2 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы - 0) 2с;
- 2 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті-0 ) 2 с/з;
- 2 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 0) 2с;
- 1 Бородулиха ауданында (Бородулиха ауылы-1) 1с;
- 1 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0 ) 1с;
.
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.
.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 10508 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 5980 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
.
Жалпы облыс аумағында барлығы 19397 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13149 жағдай (68%), симптомсыз 6248 жағдай (32%). 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1420,08 (республикалық көрсеткіш–882,7) құрады. 1532 байланыста болған адамдар мен 710 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.