Ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шаралардың бірі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады
.
Бүгінгі күні Аягөз ауданы бойынша 50 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 39 (68%) ауыл орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген. Яғни, ауыл халқы бойынша 30 354 (91,1%) адам ауыз сумен қамтамасыз етілген.
.
Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жұмыстары жалғасады. Ай, Қопа ауылдарында су тарту және су құбыры желілерін салу жобалары бойынша жұмыстар жоспарлануда.
.
Сондай-ақ, облыстық бюджеттен 57 млн.теңге бөлініп, Ай, Ақтас, Биесімас, Ортаарал, Ақшоқы және Ескенбұлағы елді мекендерінде блокты-модульді станцияларды орнату бойынша жұмыстарды жүргізу көзделіп отыр.
.
Байқошқар және Қорық ауылдарында орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау бойынша су тарту құрылғылары мен сумен жабдықтау желілерін салу мақсатында «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі су ресурстары Комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» РММ келісіліп, қазіргі таңда жоба сараптамаға жіберілді. Жобаның сараптамасын алу мерзімі 2021 жылдың 1 ақпаны.