АБАЙ АУДАНЫНДА 32 ПӘТЕР КӨПБАЛАЛЫ ЖӘНЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛДІ
Абай ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Бір қабатты шығыс» өңірлік жобасы негізінде екі пәтерлі 16 үйдің құрылысы аяқталып, 32 пәтер көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілді.
Сонымен қатар, Қарауыл ауылындағы көп жылдар бос тұрған көппәтерлі 2 тұрғын үй жөнделіп, қалпына келтірілді. 15 пәтер ауылдағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табыс етілді.
Жиыны 47 көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар баспаналы болды. Бұл пәтер иелерінің ғана емес, күллі Абай жұртшылығының ортақ қуанышы.