
Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе консультативтік-кеңесші органның жаңа төрағасын сайлау болды.
Басшылықтың ауысуына Қазақстан Республикасының Құрылтайына депутат болып сайланған алдыңғы төраға А.Ашимованың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы себеп болды.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері ашық дауыс беру арқылы Зарина Айдарханқызы Камасованың төраға қызметіне кандидатурасын бірауыздан қолдады. Жаңа төраға әріптестеріне өзіне көрсеткен сенімі үшін алғыс айтып, Қоғамдық кеңестің облыстық мәслихатпен және өңірдің атқарушы органдарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті. Кеңестің қызмет бағыты өзгеріссіз қалады: тәуелсіз қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасау, бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізу және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар өтініштеріне жедел ден қою.
Қоғамдық кеңес мүшелері бұрынғы төрағаға өңірдегі азаматтық қоғам институттарын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, оған республикалық деңгейдегі заң шығару қызметінде табыс тіледі.
Сондай-ақ отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:
- «Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындар нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/221-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысында үй жануарларын аулау, ұстаудың және серуендетудің қағидаларын, бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысында жануарларын аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/265-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
- «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.