Өскеменде Зайсан ауданының Мәдени күндері өтеді

Өскеменде Зайсан ауданының Мәдени күндері өтеді

«Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында 25-26 қыркүйек күндері Өскеменде Зайсан ауданының мәдени күндері өтеді.

25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов көшесі, 43) «Зайсан жастары – жаңа дәуірдің дауысы» тақырыбындағы көрме өтеді. Онда аудан оқушыларының жұмыстары ұсынылады. Экспозицияға өскелең ұрпақтың жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау идеяларын, «Таза Қазақстан» бастамасының құндылықтарын ұштастырған шығармашылық жобалары қойылады.

Содан соң Зайсан ауданы өнерпаздарының қатысуымен ауқымды гала-концерт өтеді.

26 қыркүйек күні сағат 08:00-ден бастап «Алтай» КТО аумағында (Жібек Жолы көшесі, 44) Зайсан ауданынан әкелінген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Сонымен қатар қазақтың дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар және мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады.