
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуде қазіргі қоғамның дамуы, азаматтық жауапкершілік, ел болашағы және қоғамдық құндылықтар секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Маңызды пікірталас алаңына өңірдің зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жастар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, түрлі мекеме қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Қатысушылар кітапта қамтылған негізгі ойлар мен тұжырымдарға тоқталып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар қоғамның қазіргі даму процестеріне қатысты өзекті мәселелер бойынша еркін пікір алмасты. Әділеттілік, жауапкершілік, адалдық және елге қызмет ету сынды маңызды құндылықтар төңірегінде ой қозғалып, әр азаматтың қоғам дамуына қосар үлесі мен азаматтық ұстанымының маңызы сөз болды.
Осындай кездесулер кітапты талқылаумен ғана шектелмей, қоғамдағы маңызды мәселелерді ашық талқылауға, түрлі көзқарастарды тоғыстыруға және азаматтардың қоғамдық ой-пікірін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, ел болашағы мен қоғамның даму бағыттары туралы мазмұнды ой бөлісуге жол ашқан маңызды пікір алаңына айналды.