
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы үш күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы шығып, Шығыс Қазақстанның спортшылары арқан тартудан жарыста абсолютті чемпион атанды!
Спортшыларымыз жарқын жеңіске жетіп, барлық санатта алтын медаль иегері атанды. Атап айтқанда, 8х8 санатында – 1-орын, 4х4 санатында – 1-орын, ал жекелей 1х1 бәсекесінде – 1-орын!
Айтулы жоғары нәтижеге спортшылардың кәсіби шеберлігімен қатар, жаттықтырушылар Ерлан Уәлиев пен Әділжан Дюсуповтың да еңбегі ерекше зор.
Сонымен қатар, Аяш Қабдоллаева дәстүрлі садақ атудан жарыста 1-орын иеленді.
Шығысқазақстандықтарды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Биылғы бәсекеде Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Ресей, Қырғызстан, Пәкістан, Бразилия және Қазақстан сияқты мықты құрамалар бақ сынасты.