Өскеменде Қазақстан Кубогының жартылай финалындағы шешуші футбол матчы өтеді

Өскеменде Қазақстан Кубогының жартылай финалындағы шешуші футбол матчы өтеді

«Алтай Өскемен» футбол клубы Қазақстан Кубогының жартылай финалына шықты. Бүгін, 19 тамызда «Восток» стадионында «Алтай» өз алаңында «Ордабасы» (Шымкент қаласы) футбол клубымен кездеседі.

1/2 финалдың екінші матчында командамыздың Қазақстан Кубогындағы тағдыры шешіледі. Финалға шығу үшін «Алтай» қарсыласын кемінде 3 доп айырмасымен жеңуі қажет. Басқа нәтиже тіркелсе, Шығыс Қазақстан футболшыларының Кубок ойындарындағы жолы аяқталады.

Финалға кім шығатыны бүгін белгілі болады. Маңызды кездесуді жіберіп алмаңыздар, «Алтай Өскемен» командасына қолдау көрсетейік! Кіру – тегін, басталуы – 18:00.