ШҚО-да конфессияаралық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасуда

ШҚО-да конфессияаралық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасуда

ШҚО-да түрлі конфессия өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдыратын жаңа бастамалар жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс ресми кездесулермен шектелмей, қайырымдылық, экология, спорт және ағартушылық салаларын да қамтиды.

Негізгі мақсат – діни бірлестіктер арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы өзара құрмет мәдениетін дамыту.

Осындай алаңдардың бірі – Діни бірлестіктер басшыларының клубы. Қазір оның құрамына облыстағы 15 діни бірлестіктің жетекшісі кіреді. Клуб аясында дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылып, қайырымдылық акциялары, экологиялық сенбіліктер және спорттық шаралар өткізіледі.

Ал «Ашық есік күндері» түрлі конфессия өкілдерінің бір-бірінің мәдениеті мен дәстүрін жақынырақ тануына мүмкіндік береді. Қатысушылар діни ғимараттарды аралап, олардың тарихы мен қызметі туралы мағлұмат алады. Мамандар көпшілікті қызықтырған сауалдарға жауап беріп, әр діннің ерекшелігі жөнінде түсіндіреді.

Бүгінде облыста 11 конфессияға тиесілі 147 діни бірлестік тіркелген. Аймақта 146 құлшылық орны жұмыс істейді.

Конфессияаралық келісімді нығайтудың маңызды бағыттарының бірі – жастардың діни сауаттылығын арттыру. 2026 жылы облыста 14 ақпараттық-түсіндіру тобы 1 494 шара өткізіп, 31 068 адам қамтылды. Оның ішінде жастарға арналған 637 кездесуге 15 777 адам қатысты.

Ақпарат ағыны күшейген қазіргі кезеңде интернеттегі діни мазмұнды дұрыс саралай білу ерекше маңызға ие. Осыған байланысты Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары тұрғындармен кездесіп, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және тікелей эфирлерге қатысады. Орталықта осы сала бойынша 21 маман еңбек етеді.

Діни әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттардың заң талаптарына сай таратылуы да тұрақты бақылауда. Облыста мұндай  20 арнайы стационарлық орын белгіленген.

Шығыс Қазақстандағы тәжірибе конфессияаралық келісімнің күнделікті қарым-қатынас арқылы нығаятынын көрсетіп отыр. Өзгенің сеніміне құрметпен қарау, ашық пікір алмасу және ортақ бастамаларға бірге атсалысу қоғам бірлігінің негізін қалайды. Бүгінде аймақтағы діни ахуал тұрақты, ал алдағы міндет – өзара түсіністік пен сыйластықты одан әрі бекемдеу.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық дін істері басқармасының басшысы Ербол Ошақбаев конфессияаралық келісімді сақтау және діни сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды таныстырды.

Бүгінде Шығыс Қазақстанда 11 конфессияға тиесілі 147 діни бірлестік тіркелген. Облыс аумағында 146 құлшылық орны бар.

2026 жылдың есепті кезеңінде ақпараттық-түсіндіру топтары 1 494 шара өткізіп, 31 068 адамды қамтыды. Жастар арасында ұйымдастырылған 637 кездесуге 15 777 азамат қатысты.

Басты міндеттер қатарында халықтың діни сауатын арттыру, конфессия өкілдерімен байланысты күшейту және экстремизмнің алдын алу бар.Спикер аймақтағы жағдайдың тұрақты екенін атап өтті.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ