
Шығыс Қазақстан облысының басшысы Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдеріне қолайсыз ауа райының салдарын жедел жоюды, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының үздіксіз жұмыс істеуін және барлық апаттық-қалпына келтіру жұмысын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуы облыс әкімінің жеке бақылауында болды.
Найзағай, екпінді жел, нөсер жауын және кей жерлерде бұршақтың салдарынан облыстың бірқатар елдімекенінде электр энергиясының уақытша өшуі, ағаштардың құлауы және өзге де қолайсыз жағдайлар тіркелді.
Қалпына келтіру жұмыстарының ең ауқымды көлемі Өскемен қаласында жүргізілді. Қолайсыз ауа райының салдарын жоюға 270 адам мен 41 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Коммуналдық және апаттық қызметтер электрмен жабдықтауды қалпына келтірді, көшелер мен аулаларды құлаған ағаштардан тазартты, жаңбыр суын сорып шығару және нөсер кәріздерін тазарту жұмыстарын жүргізді.
Қолайсыз ауа райының салдары Глубокое ауданында да тіркелді. Ондағы бірнеше елдімекенде қатты жел электр желілеріне зақым келтірді. Апаттық бригадалар қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісіп, зақымның басым бөлігін қысқа мерзімде жойды.
Қолайсыз ауа райының салдарын жою жұмыстары жедел түрде ұйымдастырылып, облыс әкімінің тұрақты және жеке бақылауында болды.
Фото: Өскемен әкімдігі
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).