«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Өз кәсібіңізді ашқыңыз немесе кеңейткіңіз келе ме?«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды.

 Жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит.

 Ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарына арналған.

 Қаржыландыру шарттары: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;  кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін (60 ай);  жеке кәсіпкерлер үшін микрокредит сомасы – 10 812 500 теңгеге дейін;  ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін микрокредит сомасы – 34 600 000 теңгеге дейін.

Қаржыландыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: қызмет көрсету саласы;  өндіріс;  қоғамдық тамақтандыру;  жөндеу шеберханалары;  тұрмыстық қызмет көрсету;  туризм;  ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлері.

Бағдарламаға қатысу және кеңес алу үшін төмендегі мекемелерге жүгініңіз:

* аудан және қала әкімдіктеріне – тұрғылықты жеріңіз бойынша;

* Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.

* «Атамекен МҚҰ» ЖШС

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27.

* «Ертіс» ӘКК

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.

* «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27.

«Ауыл Аманаты» – жеңілдетілген микрокредит алып, өз кәсібіңізді бастауға немесе кеңейтуге берілетін тиімді мүмкіндік!