
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекетік кірістер департаменті келесіні хабарлайды. 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының № 329-VIII Заңына қол қойылды.
Аталған Заңға сәйкес азаматтардың және кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген санаттары әкімшілік айыппұлдарды төлеуден босатылады.
Рақымшылық төмендегілерге қолданылады: Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға; жеке кәсіпкерлерге; жекеше нотариустарға; жеке сот орындаушыларына; адвокаттарға; заң консультанттеріне.
Заңның күші:соттар салған әкімшілік жазаларға; «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттарына қолданылмайды.
Шығыс Қазақстан облысында Заңды іске асыру нәтижелері: 61 әкімшілік іс бойынша әкімшілік жазаларды орындау тоқтатылды; оның ішінде: жеке тұлғаларға қатысты – 16 әкімшілік іс; жеке кәсіпкерлерге қатысты – 45 әкімшілік іс.
Дереккөз: ШҚО бойынша МКД