
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хаттарымен батылдық, жанашырлық пен жоғары азаматтық жауапкершілік танытқан азаматтар марапатталды.
14 шілдеде Өскемендегі котлован маңында куәгерлер құтқарушылар келгенге дейін суға батып бара жатқан ер адамға көмектесіп, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Ерлік көрсеткендер - Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің студенті Никита Волосенков пен «Остров» дәмханасының әкімшісі Людмила Цердцвазде.
Сонымен қатар Алғыс хатпен Марқакөл ауылының 5 сынып оқушысы Әділжан Ағыбаев та марапатталды. Ол ашық аумақта қоқыстың жанғанын байқап, бұл туралы шұғыл қызметтерге дереу хабарлаған. Осылайша, өрттің одан әрі шарпуына жол бермеді.
- ТЖД бейжай қарамаған барша азаматтарға шынайы алғысын білдіреді. Дәл осындай жандар қалаларымыз бен ауылдарымызды қауіпсіз етеді, өзгелерді өмірді бағалауға, бір-біріне көмектесуге және өзге жанның басына түскен қайғыға бейжай қарамауға шабыттандырады, — деді департамент өкілдері.