
ШҚО өкілі Ардақ Нұрмағамбетов Таиландта өтіп жатқан ITTF World Para Future Nakhon Ratchasima 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.
Жарыс барысында спортшы бес кездесу өткізіп, Жапония мен Үндістан өкілдерін жеңді. Ал жартылай финалда Ардақ Қытай спортшысына есе жіберіп, жарыс қорытындысы бойынша қола медальді қанжығасына байлады.
Сенбі күні Таиландта турнирдің екінші кезеңі басталады. Онда жерлесіміз тағы да жүлде үшін бақ сынайтын болады.
Ардақ Нұрмағамбетовті жарқын жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).