ШҚО әкімі Аягөз балалар орталығының қызметкерлеріне алғысын жеткізді
Тек, осы жылы ғана мекемеде туындаған проблемаларды шешуге 140 миллион теңге бөлінді. Келесі жылы аталған денсаулық сақтау нысанын кеңейту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен ОКҚ брифингінде өңір басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді. Қазір балалар орталығында оның қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған.
- Мен Аягөз орталығының қызметкерлеріне аянбай еткен еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Олар, сонымен қатар журналистер тарапынан тағылған айыптарға төтеп берді, жұмыстарын тоқтатпай одан әрі жалғастыра білді. Және бүгінде өз жұмыстарын атқаруда. Сол үшін мен оларға тағы да үлкен ризашылығымды білдіретінімді жеткізгім келеді. Мен өзім бұл мекемеде үш рет болдым, қазір ешқандай мәселе жоқ, - деп түйіндеді облыс әкімі Даниал Ахметов.