ШҚО-да өзен көлігі саласының үздік қызметкерлері марапатталды

ШҚО-да өзен көлігі саласының үздік қызметкерлері марапатталды

Бүгін облыс орталығында Теңіз және өзен көлігінің қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, сала өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Өзен көлігі саласының қызметкерлері жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етіп, туризмнің дамуына серпін беріп, көлік қатынасының қолжетімділігін арттырып, өңір экономикасының өркендеуіне үлес қосып келеді. Сіздердің еңбектеріңіз Шығыс Қазақстанның әлеуметтік және шаруашылық өмірінің маңызды бөлігі болып қала береді», – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ іс-шара барысында шкипер Анатолий Дементьев, бортсерік Любовь Кузнецова, «Метеор-4» теплоходының капитаны Александр Бритоусов, өзен вокзалының қабылдап-тапсырушысы әрі кезекші әкімшісі Ольга Богомолова, капитан Алексей Аммас, капитан Юрий Изосимов және флот диспетчері Владимир Титов марапатталды.

Жалпы өңірдің өзен көлігі саласында 200-ге жуық маман еңбек етеді. Олар аймақтың су жолдарында жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз етіп, туризмнің дамуына атсалысып келеді.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).