ШҚО командасы ҚР халқының Президенттік дене шынықтыру даярлығы сынақтарында 1 орынға ие болды

ШҚО командасы ҚР халқының Президенттік дене шынықтыру даярлығы сынақтарында 1 орынға ие болды

28-30 маусым аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы халқының Президенттік дене шынықтыру даярлығы сынақтары өтті. Жарысқа еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың командалары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының құрамасы ерлер және әйелдер арасында 11 жас санаты бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, 9–10, 11–13, 14–15, 16–17, 18–23, 24–31, 32–39, 40–49, 50–59, 60–69 жас және 70 жастан жоғары санаттарда өнер көрсетті.

Қатысушылар спорттың 4 түрінен сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы 17 команданың ішінде жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.