ШҚО-да мұздақ көлдерге аэровизуалдық шолу жүргізілді

ШҚО-да мұздақ көлдерге аэровизуалдық шолу жүргізілді

Катонқарағай ауданында ШҚО ТЖД қызметкерлері мен ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары Бұқтырма өзені бассейніндегі 7 мұздақ көлге аэровизуалдық шолу жүргізді.

- Тексеру барысында 2000-2500 метр биіктікте орналасқан барлық көлдердің мұздан толық ашылғаны анықталды. Көлдердегі су деңгейі төмен, ағып шығуы еркін жүзеге асуда, - деп мәлім етті ШҚО ТЖД-дан.

Бүгінде жағдай тұрақты, қауіп-қатер жоқ.

- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын көлдер әлі мұз құрсауында жатқан кезеңнен бастап толық ашылғанға дейін сел қаупі жағдайын бақылау үшін тексерулер жүргізіледі, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.