ШҚО-да «Нелегал» жедел алдын алу шарасы басталды

ШҚО-да «Нелегал» жедел алдын алу шарасы басталды

Бүгін, 8 маусымда, Шығыс Қазақстан облысында «Нелегал» жедел алдын алу шарасы басталды.

Іс-шара көші-қон саласындағы бақылауды күшейтуге, заңнаманы бұзушыларды анықтауға, өңір аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған.

Жедел алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлерінің алдына бірқатар басым міндет қойылды: транзиттік ағынды тексеру, шетелдік азаматтар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары барлық құрылыс нысанын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексереді.

Жедел алдын алу шарасы 12 маусымға дейін жалғасады.

Дереккөз: ШҚО ПД