
Марқакөл ауданында облыстық «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының XXІІ жұмыс маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу рәсімі ерекше мәнге ие болды - биыл Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының 50 жылдығы атап өтілуде. Жарты ғасыр бойы бұл бірегей өлке Алтайдың табиғи байлығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап келеді.
Іс-шараға Жастар ресурстық орталықтарының директорлары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, өңір волонтерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Маусым бойы жасақ мүшелері Марқакөл қорығында экологиялық жұмыстарға - ормандарды қалпына келтіруге, табиғатты қорғауға және тазалауға атсалысады.
«JASYL EL» жобасының негізгі мақсаты - жастарда табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту, еңбек арқылы азаматтық ұстанымды нығайту.
Биыл облыс әкімінің қолдауымен жоба аясында өңірде 1500 жас жұмыспен қамтылады.
Бастама жастар саясатының өңірлік стратегиясы аясында қолдау тауып, «Күшіміз бірлікте» жобасының қатысушыларын қамтымақ.