ШҚО-да мектеп жанындағы жазғы тілдік лагерьлер маусымы басталды

ШҚО-да мектеп жанындағы жазғы тілдік лагерьлер маусымы басталды

Жазғы демалыстың басталуымен Шығыс Қазақстан облысында 4255 оқушыны қамтитын мектеп жанындағы жазғы тілдік лагерьлер ашылды.

ШҚО Білім басқармасының хабарлауынша, лагерьлерде оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге және қолайлы тілдік орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Лагерьлер аясында оқушылар үшін тілдік сабақтар, интерактивті ойындар, шығармашылық шеберлік сағаттары, зияткерлік байқаулар мен мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Сурет: ШҚО ББ