ШҚО-да екі мыңнан астам адам волонтерлікпен айналысады

ШҚО-да екі мыңнан астам адам волонтерлікпен айналысады

Биыл Халықаралық еріктілер жылы деп жарияланды. ШҚО-да волонтерлік бастамаларды дамытуға белсенді қолдау көрсетуде.

-  Өңірлік волонтерлер фронт-офисі Ұлттық волонтерлер желісімен белсенді өзара қызмет атқарады. Мұндай әріптестік үздік тәжірибелермен алмасуға ғана емес, сондай-ақ волонтерлікті қолдаудың орнықты және тиімді моделін құруға, қоғамда азаматтық бастаманы күшейтуге мүмкіндік берді. ШҚО-да волонтерлер институты бұрыннан құрылған. Ұлттық желі өкілдері ШҚО-да бірнеше күн жұмыс істейді. - деп атап өтті ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен Ұлттық волонтерлік желі (ҰӘЖ) өкілдерімен бірлескен брифинг барысында.

Айдар Садырбаевтың айтуынша, облыс  волонтерлерінің маңызды бастамаларының бірі «Мейірімді Шығыс» қайырымдылық акциясы болды. Өңірлік жоба ретінде басталып, ол «Мейірімді Қазақстан» республикалық бастамасы аясында жалғасты. Айдар Садырбаев атап өткендей, акцияны республикалық деңгейге дейін кеңейту оның жоғары әлеуметтік маңыздылығы мен қоғам тарапынан шынайы қолдаудың дәлелі.

«Ұлттық еріктілер желісі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк брифинг барысында Қазақстанда соңғы алты жылда волонтерлер қозғалысы айтарлықтай өскенін және белсенді дамып келе жатқанын мәлімдеді.

- Волонтерлік ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсті. Ал белсенді волонтерлер саны - алты еседен астам. Жыл сайын желінің қызметіне 60 мыңнан астам волонтерлер тартылады. Өңірлермен әріптестік, халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл белсенді дамуда. 200-ден астам адам «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстандық еріктілер халықаралық бастамаларға белсенді қатысуда, - деді Татьяна Миронюк.

Сондай-ақ, Айдар Садырбаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО тұрғындарының 95% -дан астамы волонтерлік қызмет туралы білетінін бөлісті. Ол бірлескен күш-жігердің арқасында волонтерлер қозғалысы ҚР-да сапалы жаңа деңгейге шығатынын, оның қоғамдық ықпалы кеңейетінін, ол өңірлер мен жалпы елдің дамуына көмектесетінін атап өтті.

Шығыс Қазақстанда екі мыңнан астам адам волонтерлікпен айналысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев мәлімдеді.

- Біздің барлық қалалар мен аудандарда бір фронт-офис және филиалдар бар. Ресми статистика бойынша, ШҚО-да 2044 адам волонтерлікпен айналысады. Олар эковолонтерлікпен, қарт адамдарға күтім жасаумен, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асырумен айналысады, - деді Айдар Садырбаев.

Оның айтуынша, ең белсенді волонтерлер- студенттер. Алайда, волонтерлер қатарында ересектер де көп. Мұндағы әрбір волонтер фронт-офиспен бірлесіп,түрлі міндеттерді атқарады.

 Халықаралық волонтерлік жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Қазақстандағы волонтерлер қозғалысына қосыла алады.

- Қазір  волонтер болу үшін кез келген өңірден бізге хабарласып, волонтер болғыңыз келетінін айтсаңыз жеткілікті. Егер қай бағытты таңдарыңызды білмесеңіз, бірнеше бағытта өзіңізді сынап көріп, ұнағанын таңдауға болады, - деді «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығының атқарушы директоры Татьяна Миронюк Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өңірде тұрғындарды волонтерлік қызметке белсенді тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

-Осы күндері бізге Ұлттық волонтерлік желі өкілдері келіп, пікірлес азаматтармен жұмыс істеуге қолдау көрсетуде. Біздің басты ұстанымымыз - насихаттау, шақыру және жеке үлгі арқылы тарту. Бізде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы бар. Қуантатыны — қарапайым тұрғындардың оған белсенді қатысып, бастамашы болып жатқаны. Оларды туған жерін таза ету деген ортақ мақсат біріктіріп жатыр, - деді Айдар Садырбаев. 

Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты аясында елімізде волонтерлік қозғалысқа қосылудың тетіктері айтылды.

​Бүгінде қоғамға пайдасын тигізіп, игі істердің басында табылғысы келетін әрбір азамат үшін волонтер атану процесі барынша жеңілдетілген.

​Еріктілер қатарына қалай қосылуға болады?

​Арнайы платформа: Ең алдымен, qazvolunteer.kz бірыңғай платформасына кіру қажет. Сайтқа кірген сәтте қолданушыға ақпараттық желі туралы хабарлама шығады.

​Ыңғайлы байланыс: Платформа арқылы жауапты мамандармен WhatsApp немесе Telegram мессенджерлерінде жазысуға, сондай-ақ тікелей қоңырау шалуға немесе SMS жолдауға болады.

​Іріктеу және бағыт таңдау: Байланысқа шыққан кезде өзіңіз тұратын өңірді, жасыңызды және қандай бағытқа (медициналық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) қызығатыныңызды атап өткен жөн. Осы деректер негізінде сізге ең қолайлы волонтерлік ұйымдар мен бастамалар ұсынылады.

​Республикалық фронт-офистің ақпараттық желісіне тікелей хабарласып, кеңес алу үшін келесі нөмір жұмыс істейді: +7 (708) 706-42-42. 

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ