
Облыс орталығында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында заманауи бағдаршамдар орнатылды.
Жаңа бағдаршамдар Қазақстан көшесінде (мешіт маңында), Қабанбай батыр көшесінде және Ахмер кентінде (Аязбаев көшесіндегі құрылыс материалдары дүкені маңында) пайдалануға берілді.
Бағдаршамдар жаяу жүргіншілерге арналған шақыру батырмаларымен жабдықталған. Жолдан өту үшін батырманы басқаннан кейін жаяу жүргіншілерге рұқсат беретін жасыл жарық сигналы қосылып, жолдың қауіпсіз қиылуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Өскеменде жол таңбаларын салу жұмыстары жалғасуда.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күні бояумен 15 710 шаршы метрден астам жол таңбасы салынды.
– Тәуліктің қараңғы уақытында жол таңбаларының жақсы көрінуін қамтамасыз ету үшін таңба салу кезінде арнайы ақ түсті жарық шағылыстырғыш элементтер қолданылады. Олар көлік шамдарының жарығын шағылыстырады. Соның арқасында жол таңбалары түнгі уақытта және көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайларда анық көрінеді, – деді қала әкімдігінің өкілдері.