
Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәдениет және өнер саласының өкілдерімен кездесті. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино өнерінің танымал актрисасы Лидия Каденова да болды.
Кездесу барысында тараптар шығысқазақстандық өнерпаздардың шығармашылық жоспарларын, театр өнерін дамыту мәселелерін және жас таланттарды қолдау бағыттарын талқылады.
Нұрымбет Сақтағанов Лидия Каденоваға отандық мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, оның жоғары кәсібилігі мен өңірдегі жас әртістерге үлгі болатын шығармашылық жолын ерекше атап өтті.
Мұндай кездесулер соңғы уақытта Шығыс Қазақстанда өтіп жатқан мәдени шаралардың маңызды бөлігіне айналды.
Аймақ басшысы шығармашылық қауымдастықты қолдауға және облыстың мәдени өмірін дамытуға айрықша көңіл бөліп, бұл бағыттағы жұмыстарға белсенді түрде атсалысып келеді.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).