
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, ШҚО Полиция департаментінің өкілдері, депутаттар мен қоғам белсенділері қатысты.
Отырыста балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуы, студенттер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
– Жол-көлік жарақаттарының алдын алу мен жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздікке ерекше назар аударылды. Бұл ретте тұрақты рейдтер жүргізу және мектептермен, ата-аналармен тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар қатысушылар суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету шараларын талқылады, – делінген ШҚО ПД ақпаратында.