ШҚО-да оқушылар арасында «Startup Projects–2026» жобалар көрмесі өтті

ШҚО-да оқушылар арасында «Startup Projects–2026» жобалар көрмесі өтті

Өскемендегі №40 орта мектепте оқушылардың ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларының «Startup Projects–2026» көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі бағыттар бойынша авторлық жобалары мен инновациялық шешімдерін ұсынды. Олар экология, IT-технологиялар, робототехника, білім беру, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бағыттарындағы әзірлемелерін таныстырды.

Жас өнертапқыштар өз жобаларының өзектілігі мен тиімділігін көрсетіп, жоғары деңгейдегі ғылыми ойлау қабілеті мен креативтілігін танытты. Көрме қатысушылары өз идеяларын таныстырып қана қоймай, сарапшылар мен көрерменнің сұрақтарына жауап беріп, тәжірибе алмасып, жаңа көзқарастармен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми бастамаларын қолдау, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, кәсіпкерлік саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық идеяларды кеңінен насихаттау.

Бұдан бөлек, мұндай бастамалар ғылымға деген қызығушылықты арттырып, болашақ мамандық таңдауға ықпал етеді.