ШҚО-да сел қаупі бар кезең басталады

ШҚО-да сел қаупі бар кезең басталады

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында сел түзілу үрдістері кең таралған. Шығыс Қазақстандағы сел қаупі бар аймақтар – Зайсан және Риддер қаласында, Алтай мен Катонқарағай ауданында орналасқан 13 өзен бассейндері.

Ауданда 144 мореналық көл 11 елдімекенге қауіп төндіретін 13 селдің пайда болу ошағын құрайды.

Қазселденқорғау мамандары атап өткендей, ол ұзақ уақыт болған жауын-шашыннан, қатты жер сілкінісінен кейін ғана пайда болуы мүмкін.

Облыста сырғыма қаупі бар учаскелер сирек кездеседі. Барлығы 9 учаске бар, негізінен жағалау беткейлері және автожолдардағы таулардың кесінділері. Атап айтқанда, Алтай, Катонқарағай, Зайсан аудандарында және Риддер қаласының маңында орналасқан Громотуха, Үбі, Черновая, Хамир, Бұқтырма және Кендірлік өзендерінің бассейндері.

Осы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өндірістік-пайдалану бөлімдерінде апаттық бригадалар құрылды, сел және сырғыма қаупі бар учаскелердің паспорттарына жыл сайынғы түзетулер жүргізілді, елдімекендер, кәсіпорындар, тұрғын аудандар, инженерлік құрылыстар мен коммуникациялар бойынша деректер өзектендірілді.

Биыл 15 мамырдан бастап сел қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты облыс бойынша маусымдық сипаттағы 9 су бекеті және Катонқарағай ауданының Сарымсақты өзенінде жыл бойғы су бекеті  ашылды. Күн сайын тәулігіне үш рет барлық су бекетінен сел қаупі бар учаскелердегі гидрометеорологиялық өзгерістер туралы ақпарат беріледі. Бүгінгі күні облыстың барлық сел қаупі учаскесінде(Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандары, Риддер қаласының маңы) жерүсті көзбен шолып тексеру жүргізілді.

Сел-сырғыма қаупі бар учаскелердің ескерту және тыйым салу қалқандары, белгілер орнатылды.

ШҚО ТЖД және «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы сел тасқынынан одан аулақ болу арқылы ғана құтылуға болатынын еске салады. Осыған байланысты сел-сырғыма қаупі бар учаскелері орналасқан аймақтағы тауларға барудан бас тартқан жөн. Туристер сырғыма шекараларының орындарымен алдын-ала танысуы керек. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.

Дереккөз: ШҚО ТЖД