
Риддерде қысқы спорт түрлері өкілдерінің жаңа маусымға дайындығы қарқынды жалғасуда. Қала бірегей табиғи жағдайлары мен қар үстінде жаттығу мүмкіндігінің арқасында Қазақстан шаңғышылары үшін негізгі жазғы жаттығу орындарының бірі болып қала береді.
Спортшылар оқу-жаттығулардан өтіп, төзімділікті арттыруға, күш дайындығына және техникалық шеберлікті жетілдіруге ерекше көңіл бөлуде. Бағдарламаға шаңғы роллерлерімен дайындық, кросс, жүгіру, велодайындық, жаттығу залындағы сабақтар, үйлесімділік пен тепе-теңдікті дамытуға арналған арнайы жаттығулар кіреді.
Сонымен қатар шаңғышылар орта таулы аймақтардағы жиындарға, бақылау жарыстарына және шаңғы роллерлері бойынша республикалық сайыстарға қатысады.
Риддердің басты ерекшелігі – көктем-жаз мезгілінде де қар үстінде жаттығу өткізу мүмкіндігі. Бұл спортшыларға жоғары дайындық деңгейін сақтап, қысқы жарыс маусымына барынша тиімді даярлануға ықпал етеді.
(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).