ШҚО әкімі жас спортшыларды марапаттады

ШҚО әкімі жас спортшыларды марапаттады

11–15 мамыр аралығында облыс орталығында 12–14 жас аралығындағы кадеттер арасында таеквондодан (WT) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Жарысқа елдің 20 облысынан 852 спортшы келді. Оның ішінде 428 ұл және 424 қыз өзара мықтыны анықтауда.             

Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, спортшыларды құттықтады.                     

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша медальдар төрт салмақ дәрежесінде сарапқа салынды: қыздар арасында 33 келі және 55 келі, ұлдар арасында 37 келі және 65 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталды.             

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау Ұлытау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген спортшылар бар.

Марапаттау рәсімінен кейін қонақтар мен қатысушылар естелікке суретке түсті.

Айта кетейік, чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға үлес қосуда.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).